Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде әкімдер жаппай әлеуметтік желіге тіркеліп, жеке нөмірлерін жариялап жатыр

Тапсырма солай! Осы арқылы әр саладағы проблемаларды халықтың өз аузынан естімек. Елордадағы бірқатар шенеуніктің жаңа идеяға деген көзқарасы қандай?

Елімізде әкімдер жаппай әлеуметтік желіге тіркеліп, жеке нөмірлерін жариялап жатыр

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Мемлекет басшысы әкімдердің басын қосып жиын өткізгенде «халықпен байланысты күшейтіңдер!» - деп тапсырма берген еді. Президент айтты талап орындалу керек. Бар өңірге бірінші болып Нұр-Сұлтанның шенеуніктері үлгі көрсетті. 

«Нұр-Сұлтан» қаласының әкімі Бақыт Тұрлыханұлы жеке нөмірін жариялау арқылы халықпен тікелей өздері байланысуы қажет деген тапсырма берді. Ол тапсырма орындалуы тиіс. Сондықтан басқарма басшылары, аудан басшылары бүгінгі таңда жеке сұрақтарға жауап беріп , тұрғындар қандай да бір проблемамен шағымданса сол проблеманы шешу жолында  өздері айналысып жатыр», - деді қала әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

«Бұл халыққа керек деп ойлаймын халықпен тығыз байланыста болуы үшін, пікірін білу үшін. Дұрыс деп ойлаймын».

«Бір ғана сол жариялаумен тоқтап қалмай біраз халықты өзіне шақырып жобаларын әр ай сайын болмаса маусым сайын жариялап отырса нұр үстіне нұр болады».

«Дәл осы ақпарат шыққан соң атқарушы билік өкілдері халықпен байланысты күшейтетін болыпты деп бір қуандық емес пе? Дәл қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы аудан әкімдеріне қоңырау шалайық. Алдымен өзім  тұрып жатқан Есіл ауданының әкімі Төлеген Закарияновқа  хабарласайын.

«Абонент қоңырау қабылдай алмайды» 

Өздеріңіз көргендей телефоны сөніп тұр. Бір шаруалармен жүрген шығар, білмейміз. Әрі қарай кеттік. Ендігі кезекте жаңадан құрылған Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Қаналимовқа хабарласайық. 

Хабарластық, алмайды. 

«Байқоңыр ауданының әкімі де телефонын көтермеді. Үмітімізді үзбейік. Енді Сарыарқа ауданының әкіміне хабарласамыз».
«Хабарластық. Алмайды». 

«Сарыарқа ауданының әкімі де жауап бермеді. Ал енді Алматы ауданының әкіміне хабарламасыз»

«Хабарластық, алмайды».

«Жауап бергеннен кейін сапасына қарау керек. Ол нөмірді беріп қойып ертең дұрыс деңгейде жауап беріп халықтың көптеген сұрағына дұрыс жауап берсе дұрыс. Бірақ ертең ол нөмір құр көзбояушылық үшін тұрса дұрыс емес». 

Әлбетте жоғарыдан тапсырма берілсе орындауы шарт. Бірақ сол істің өзін ақылға салып атқарса кем кетігі болмас еді. Блогер Амангелді Құрметұлы осыны мысалға келтіреді. Жақсы, әкімдер мен бөлім басшыларының нөмірін жазып қойды делік.

"1 миллион  астам тұрғыны бар шаһардың шенеуніктері қайсыбіріне жауап беріп үлгереді деген заңды сұрақ туындайды", - деді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Бахтияр Мәкен. 

«Мессенджерде сізге талап қойып отырған, мәселесін қойып отырған адамның деректері нақты көрсетіліп тұрады. Аудиожазба жолдасаңыз да, жазбаша сұрақ қойсаңыз да ол тіркеліп отырады. Ал телефонмен мен сізге хабарласып айталық мәселем бар десем оны қаншалықты тіркеп отыру мүмкіндігі бар. Көлікте келе жатуы мүмкін, жиналыста отыруы мүмкін. Сондықтан бірден телефон берген кезде сол әкімнің, басқарма басшысының қатысуымен құрылған түрлі топтардың, мессенджер топтардың болғаны дұрыс па деген азаматтық көзқарасым бар», - дейді блогер Амангелді Құрметұлы. 

Блогердің айтуы орынды-ақ. Бірақ тәжірибелі SMM, МММ мамандарды әкімдікке жұмысқа алу үшін олардың сұрауына сай жалақы төлеу керек. Әйтпесе өз ісін жақсы білетін әккі қызметкерді аз ақшаға ала таңнан кешке дейін кеңседе отырғызып қоя алмайсың. Әкімдер мен бөлім басшыларының нөмірінің жарияланғанына 6 күн болды. Біразы телефонын көтермеді. Шағым тыңдап шаршап қалған болар. Әрі қарай бұл науқан қалай жалғасады екен. Оны да көрерміз.

 

Талқылау