Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде АИ-92 жанармайы 162 теңгеден сатылып жатыр

Жанармай бағасы ақыры өсіп тынды! Бірнеше күннен бері бекеттерден таптырмай жатқан көлік отыны тағы қымбаттай түсті, деп хабарлайды КТК.

Тапшылықпен қабаттасып түсініксіз ойынды бастаған бекет иелері ең көп сұранысқа ие Аи-92 маркалы бензинді бүгіннен бастап 162 теңгеден сатуға кірісті.

Бұл кішігірім жанармай бекеттерінің ойлап тапқан жаңа бағасы. Тап мұндай қымбатшылық бұрын-соңды болмаған. Бір қызығы сол, мұнда тапшылық жоқ. Ал ірі бекеттерде бұрынғы баға сақталғанымен, бензин жоқ. Тек талоны барларға ғана құйып беріп жатыр. Ал мұнай бұрғылаудан әншейінде алдына жан салмайтын «ҚазмұнайГаз»-дың сауда орындары болса, мүлдем суалып тұр.

Есесіне, жүргізушілердің шыдамы жарылуға шақ тұр. Бағаны көтерудің амалын тауып, білгенін істеген жанармай бекеттеріне қарсы көлік иелері ертең жаппай наразылық шарасын ұйымдастырмақшы.

Тағы да оқыңыз:

Астана полициясы көшеден табылған нәрестенің ата-анасын іздеп жатыр

Алмазбек Атамбаев Назарбаев қатысатын саммитке барудан бас тартты

Досым Сәтпаев: Атамбаев Қазақстанға тиісу арқылы өз елінде «қыран» болып көрінгісі келетін «ақсақ үйрек»

Талқылау