Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде 60 жастан асқанда ажырасатын қариялар көбейіп барады

Елімізде 60 жастан асқандар арасында ажырасу көбейіп келеді. Ажырасуға көбіне ер адамдар ниет білдіреді.

Елімізде 60 жастан асқанда ажырасатын қариялар көбейіп барады

Жастайынан бірге тұрып, қартайғанда ажырасып жатқан отбасылар аз емес, деп хабарлайды 31 арна. 

Қариялар қайта қосылмай, біржола айырылысуға дейін барады. Соңғы бес жыл ішінде 11732 қария ажырасқан. Мысалы, 2013 жылдың өзінде 2123 ажырасуға арыз берсе, келер жылы бұл көрсеткіш 160-адамға артқан.

Әдетте ажырасуға ер азаматтар ниет білдіреді екен. Оған түсініспеушіліктің себеп екенін айтады.

Қартайған шағында қарттар үйін мекен еткен қария жарының төркініне кетіп, өзінің қызының қолында қалғанын айтады. Бірақ күйеубаласымен сыйыспай қарттар үйіне келуге мәжбүр болған. Жұбайымен біржола айырылысқандықтан қайда екенін де білмейді.

Ал, психолог мамандар ер азаматтардың бұл жаста дағдарыс кезеңінен өтетінін айтады.

“Ер азаматтар орта жастағы дағдарыс кезеңінен өтеді. Олар өзінің қартайғанын мойындағысы келмейді. Бұл физиологиялық өзгеріс еркектерде әйелге қарағанда кеш дамиды. Алайда бұл ажырасуды бір ғана мысалы”, – дейді психолог Айгүл Әбдірахманова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау