Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде 2017 жылы пәтер бағасы қымбаттауы мүмкін

Бұрынғы қарқын қазір жоқ. Тіпті, тұрғынүй құрылысын жақында аяқтаған компаниялар да тығырыққа тіреліп, үйлерді бөліп төлеуге дейін жағдай жасап жатыр. Әзірге, ел бойынша ең арзан үйлер Орал қаласында. Одан кейінгі орынды Шымкент басқан. Сатып алушылардың азайғанынан, әдетте саудаласуға көнбейтін, құны көк тіреген Астана мен Алматыда үй бағасы сәл арзандаған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

mini_9f41295828e4a2f4531d0d5ed7bfb306

Баспанаға сұраныс айтарлықтай азайған. Бірақ бұл бұқараның пәтерге қарық болғанынан емес. Керісінше қалтасы көтермегендіктен жылжымайтын мүлік нарығындағы сауда-саттық едәуір саябырсыпты. Баспананы бұрынғы бағамен өткізе алмасын білгендер оны аз-маз арзандатқандай болған. Әйтсе де мұның өзі сатып алушылардың көбеюіне әсер етпей тұр.

Соңғы айдағы сараптамаға сәйкес, шаршы метрдің орташа бағасы – 387 мың 100 теңге. Ал ең төмені – 278 мың теңге. Әрине, сұраныстың азайғаны элиталық үйлерге еш әсер етпеген. Олардың құны сол қатайған күйі – шаршы метрі жарты миллон теңгегеден жоғары сатылып жатыр. “Саябырсып қалған жылжымайтын мүлік саудасы тек келесі жылдың басында қозғалуы мүмкін” дейді астаналық риэлторлар.

“Астанадан үй алам деушілер болса, қазір алуы қажет. Өйткені, алда “ЭКСПО” болайын деп жатыр. Көптеген компания қазірдің өзінде Алматыдан осында келуде. Ірі банктер, басқа да кәсіпкерлер бас кеңсесін Астанадан ашуда. Сондықтан баға тұрақты кезінде мүмкіндікті жіберіп алмау керек”, – дейді сату жөніндегі менеджер Ерғазы Мұсатаев.

Талқылау