Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде 2 жылдан соң барлық жәрдемақылар алынып тасталады

Өйткені, оның орнын жаңадан енгізілетін әлеуметтік төлемдер алмастырмақшы. Бүгін осы «Өрлеу» жобасын таныстырған Денсаулық сақтау министрлігі бұл тұрғындарды «кедейшіліктен құтқарады» деп сендіріп отыр, – деп хабарлайды ктк арнасы.

15120-6-s_novogo_goda_v_kostan_ru

Шенеуніктердің сөзінше, бұл ай сайын төленетін жәрдемақы екен. Тек, жоқ-жітік отбасылар, көп балалы аналар мен мүгедектерді бұрынғыдай бөліп жармай барлығына бірдей ай сайын қайтарымсыз ақша төлейді. Оның көлемі әр облыстың экономикалық жағдайына байланысты. Десек те, үлестірлетін теңге шамамен 13 мыңның айналасында болмақ. Әрі әлеуметтік әлсіз топтардан бөлек, аяқ-қолы сау азаматтарға да жәрдемақы алуға мүмкіндік бар. Тек, шарт бойынша олардың отбасылық табысы расында төмен болуы тиіс. Сонда ғана көмек көрсетіліп, тіпті, мемлекет жұмыс тауып беруге де дайын. Бірақ, азамат сол ұсынылған жұмысқа тұруы керек. Әйтпесе, жәрдемақыдан қағылады.

««Өрлеу» жобасы қазір барлық облыстарда сынақ ретінде жүргізіліп жатыр. Ол үшін бюджеттен 1 жарым миллиард бөлінген.Биылдыққа 13 мыңға жуық адамға көмек көрсетілді», – дейді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жакупова.

Талқылау