Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елеусіновтің анасы: Қуанып айғайлағаннан болар қазір даусым шықпай қалды

Рио Олимпиадасында Қазақстанға «алтын» сыйлаған боксшы Данияр Елеусіновтің анасы ұлының жекпе-жегін көрмегенін айтып, ағынан жарылды,- деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

00000000

«Данияр үшін қатты уайымдадым. Ұлымның жеңіске жеткенін хабарлағанда, кеудемді қуаныш кернеді. Сол сәтте не сезінгенімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ұлыма тілектес болған барша қазақстандықтарға алғыс айтамын», – дейді Ғалия Елеусінова.

Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында дүниеге келген. 1998 жылы Елеусіновтер отбасы Орал қаласына қоныс аударады. Кейін Даниярды елордаға шақырған.

«Данияр бала кезден қайсар, айтқанынан қайтпайтын, ұқыпты оқушы болды. Бұл қасиеттері барлық істе байқалатын. Жеңіске деген жігері мықты еді», – дейді Даниярдың сынып жетекшісі Әсемгүл Ержанова.

Жерлестерінің финалдық жекпе-жегін тамашалауға мыңдаған оралдық жиналған. Даниярдың ағайын-туғандары, достары мен бапкерлері де осында болды.

«Бұл – барша ел үшін ұмытылмас ұлы күн. Данияр өте еңбекқор жан. Оның жеңіске жететініне бір сәт те күмән келтірген емеспіз»,- дейді боксшының інісі Дарын Әмірхан.

Естеріңізге салып өтсек, Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан XXXI Олимпиада ойындарында бокстан 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Данияр Елеусінов алтын медальға ие болды. Ақтық сайыста жерлесіміз өзбекстандық боксшы Шахрам Гиясовпен жұдырықтасты.

 

Талқылау