Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елеусінов кәсіби бокстағы үшінші жеңісінен кейін әлемдік рейтингте алға шықты

Венгриялық боксшы Габор Горбичті (24-12, 14 KO) тізе бүктіріп, кәсіби бокстағы үшінші жеңісіне жеткен қазақстандық спортшы Данияр Елеусінов (3-0, 1 KO) BoxRec.com беделді сайтының рейтингісінде өз позициясын айтарлықтай жақсартып, алға шықты.

Елеусінов кәсіби бокстағы үшінші жеңісінен кейін әлемдік рейтингте алға шықты

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Отандасымыз кәсіби бокста үшінші рет жеңіске жеткеннен кейін, жартылай орта салмақ дәрежесінде бірден 75 саты жоғары көтеріліп, 256 орынды иеленді. BoxRec рейтингінде дәл осы санатта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Теренс Кроуфорд (33-0, 24 КО) көш бастап тұр.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы Данияр Елеусінов Ice Arena Wales алаңында өткен бокс кешінде венгриялық Габор Горбичті ұпай саны бойынша басып озып, кәсіби бокста үшінші рет жеңіске жетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау