Елдос Сметовті жерлестері сән-салтанатпен қарсы алды

Сәрсенбі, 17 Тамыз , 2016 12:55

Рио-2016 Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметовті туған жері Тараз қаласының тұрғындары құрметпен қарсы алды.

85cdb23ccf889ceee227f31ea20bbf3e

Фото: (с) Ақәділ Рысмахан

Бұл туралы Экспресс К жазған.

Жанкүйерлер мен спорт функционерлері Елдосты қаланың аумағы басталған тұста күтіп алып, сәнді автокөлікке Елдосты көтеріп отырғызды. Одан кейін Қазақстанның туын желбіретіп спортшыны митинг өтетін жерге алып барды.

3368552ccaf9c9284f3bf028a7df3073

Киелі Әулие-Ата жұртшылығы батыр ұлдарын сән-салтанатпен, қазақи дәстүрмен қарсы алды. Қазақтың ұлттық тағамы бауырсақтан дәм татқан Олимпиада жүлдегеріне шашу шашылып, батырларды қарсы алу арнауы орындалды. «Күміс баланың» алдында өнер көрсетуге асыққан әнші-бишілер мен селфи жасауды армандаған жанкүйерлер армиясы Елдосты асыға күтті.

5e423bc113d2771de2a80c03f91d93d7

Спортшының ұзақ жолдан шаршап келгендігін түсінген жергілікті билік өкілдері ресми бөлімді ұзаққа созған жоқ. Қала әкімі Нұржан Календеров елімізді және Тараз қаласын бүкіл әлемге танытқаны үшін  Елдос Сметовқа алғыс айтты. Сондай-ақ, лайықты азамат әрі спортшыны тәрбиелеп, өсірген ата-анасы мен бапкерлеріне ризашылығын білдірді.

Олимпиаданың күміс жүлдегері мен дзюдодан ҚР еңбек сіңірген бапкері Ғалымжан Жылгельдиевке құрмет белгісі ретінде шапан кигізілді.

a6dd5200a618c2c2f87f3558cc0de8bf

Жерлестерінің көрсеткен құрметіне көңілі елжіреген Елдос Олимпиадада ел намысын қорғап, жанкүйерлердің үмітін ақтағаны үшін кеудесін мақтаныш сезімі кернегенін айтты.

45fa334e3043cf7e4406c56b10f366c4

Жанкүйерлер бірнеше суретке түскеннен кейін Елдосты үйіне қайтаратын шығар деп ойладық. Алайда естелік селфиіне құмарланғандардың көптігі соншалық, «күміс бала» жарты сағатқа дейін қоршаудан шыға алмады. Бірақ Елдос оған қуанбаса, ренжіген жоқ. Жанкүйерлерінің тілектерін аяқ асты қалдырмай, үлгергендердің бәрімен суретке түсті.

61f00cc75a1f31cfb2a6918ad406c3f7

486a321c217374b961dae018ae84da60

 

Жіберіп алмаңыз: 

Елдос Сметовтың анасы: Елдос күрескенде далаға шығып кетемін

Елдос Сметов бала кезінде көптеген ән байқауларына қатысқан (фото)

Елдос Сметов Бразилиядан Қазақстандағы жанкүйерлеріне сәлем жолдап, алғыс айтты (видео)

Елдос Сметов Олимпиада-2016 ойындарын жеңіспен бастады

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Арман Əзімханұлы says:

    Жарайсың, ЕЛДОС! АТЫҢА ЗАТЫҢ САЙ ЕКЕН: ЕЛ ҮМІТІН АҚТАДЫҢ!

  • Жұмбақ жан says:

    Жарайсын Елдос сен биздин мактанышымызсын

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар