Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елдік пен еркіндіктің жаршысы Дулат Бабатайұлының өмірбаяны

Stan.kz ақпараттық агенттігі отаршылдар салған ойраннан қазақы қасиет болмысымызды қайтсек арашалап қаламыз деп, халқының азаттығы үшін қайғы кешіп өткен ақындардың бірі Дулат Бабатайұлының өмірбанын ұсынады.

Елдік пен еркіндіктің жаршысы Дулат Бабатайұлының өмірбаяны

Қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданында, найман-сыбан руы мекендеген Сандықтас өңірінде кедей отбасында дүниеге келген. Болашақ ақын ауыл молдасынан сауат ашып, мұсылманша хат таныды. «Көнелерден сұрасам, сөзін жинап, құрасам» деп өзі айтқандай, Дулат өз заманының «байғыз қарты» атанған дана. Ол ел тарихы, өмір сырынан жинаған білім, бірлігі де ұшан-теңіз кісі болған, ақындық атағы да шыққан.

19 ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, туіан елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас ақын. Дулат Бабатайұлы патшалық Ресейдің қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген. Отаршылдықтың сыншысы, елдіктің, еркіндіктің жоқшысы, жаршысы болды. Дулаттың ұлылығы да осында еді. Еркіндігі шектелген, азайған халықтың елдігі, бірлігі де кемитінін, берекелі бола алмайтынын Дулат терең түсіне алды. Дулат жасынан ақындық жолын қуып, талмай ізденген. Ақындықты тәңірдің сыйы, елдің жан сырын, мұң-шерін толғайтын даналық өнер деп түсінген.

Ақын он тоғызыншы ғасырда өмір сүріп, сол беймаза тарихи онжылдықты жырлады. Ол патша үкіметінің қазақ жерін қалай отарлап жатқанын және қазақ халқына қандай қысым көрсеткенін өз көзімен көрді. Мүмкіндігінше бұған қарсы шықты.

Арабшаға сауатты болған Дулат өз уақытының білімді адамы болды. Дулат ақынның арқасында қазақ халқы XVII ғасырдың ақыны Ақтамберды жыраудың өлеңдерін танып, білді.

Бәрінен де есте қаларлығы, Дулат Бабатайұлы өлеңдері баспа түрінде шығарылып, кітап болып жарияланған алғашқы қазақ ақыны. 1880 жылы Қазан қаласында Мәулікен Сейілұлы дайындаған Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» атты алғашқы жинағы шығарылды. Онда Дулаттың сегіз жүзге жуық өлеңдері жинақталған. Сонымен бірге Дулаттың өлеңдерін Бәйділда есімді адам жинаған. Сондай-ақ, Ғаббас Байділдаұлы мен Шәкір Әбенұлы Дулат өлеңдерінің қолжазбасын сақтаған. Осылайша Дулаттың 1500-ден астам өлеңдері халыққа жетіп, құнды рухани мұраға айналды.

Ақынның әндерінде шындық шынайы суреттелген. Оның ішінде қазақ даласындағы хандық жойылғаннан кейінгі уақыт, билік сұлтандар мен болыс басшыларының қолына өткен кездегі әлеуметтік қарама-қайшылықтар көрсетілген. Дулат шығармалары арқылы халықтың қиын өмірін суреттеп, патша отаршылдарының зорлық-зомбылықтарын сынайды. Оған «Тегімді менің сұрасаң», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ» өлеңдері дәлел. Сондай-ақ, «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға» және басқа да шығармаларында ақын патша шенеуніктерінің әрекеттерін сынап, олардың зұлымдықтарын әшкерейді.

Совет билігі кезінде Дулаттың өлеңдерінің мағынасы мен мәнін әдейі бұрмалап, байлардың өмірі мен феодалдардың мақсаттарын даңқтайтын, халыққа қарсы, дұшпандық деп аталды.
1940 және 1950 жылдары Дулат Бабатайұлының туындылары әдеби таластың нысанына айналды. КПСС Орталық Комитетінің пленумында және қазақ әдебиетінің негізгі мәселелеріне арналған ғылыми конференцияда Дулат консервативтік ақын деп бағаланды. Осылайша, оның шығармашылығын орта мектеп оқулықтарына енгізбеу туралы шешім қабылданды. Міне, сондықтан Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романында өзінің тәлімгерін «Барлас» деген ойдан шығарылған есіммен атайды.

Дулат – өз әрекеті мен өлеңдері арқылы қазақ жерін отарлауға қарсы шыққан адамдардың бірі. «Ақтан жас» өлеңінде ол қазақтардың бұрын жоңғарлардан қорғаған жері енді отаршылдардың қолына түскенін айтады. Ал «Еспембет» атты ұзақ поэтикалық еңбегінде сол тақырып дамиды. Алайда патша әкімшілігі өзінің басып алушылық жоспарларынан шегінбейді. Бірақ, сол уақытта қазақ халқының арасында отаршылдардың алдында жағымпазданатын сатқын билеушілер пайда болады. Пара алып, тек бай болуды ғана қалайтын адамдар қатары көп болды. Дулат ондай билеушілерді де сынап, оларға ең қатал баға береді.

Ұлы Абай да Дулаттың өлеңдерін мұқият зерттеді және оның кейбір сарындарын өз шығармаларында қолданды. Мысалға, Абай «Болыс болдым мінеки» өлеңінде Дулаттың «Міне, болыс күліп тұр» атты өлеңінің тақырыбы қолданылған.

Дулат қазақ поэзиясына «а а а б» жаңа өлең жүйесін енгізген ақын. Абай кейін осы жүйені өз өлеңдерінде қолданып, одан әрі дамытты. Дулат сатираны құрастырған қазақ поэзиядағы алғашқы ақын болды. Оның бізге жеткен төрт-бес сатиралық өлеңі қазақ өлеңдеріне жаңа формалар енгізді.
Дулаттың өлеңдерінде ойлау, қызықты бейнелер мен сөздің ерекше бұрылыстары көрініс тапқан. Мысалға, ол мінезі қиын кейіпкерді сипаттай отырып, оны аязда қатып қалған ағашпен салыстырады. Бірақ, негізінен, Дулаттың өлеңдері дидактикалық, ғибратты негізде жазылған. Оның өлеңдерін уақыт өзі бағалады. Дулаттың замандастарының арасынан табиғатты керемет суреттерін және адамдарды бейнелі түрде сипаттайтын ақындарды табу қиын.

Дулат шығармашылығының ғылыми бағасы оның барлық шығармаларын жинаған және басып шығаруға дайындаған Өмірәлиевтің зерттеулерімен байланысты. Ақын шығармалары әртүрлі жылдарда, түрлі жинақтарда және хрестоматияларда жарық көрді. 1991 жылы Дулаттың «Заман сазы» атты шығармалар жинағы жарық көрді. Ақынның көптеген шығармалары ҚР ҒА Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақтаулы. Елдік пен еркіндіктің жаршысы болған Дулат Бабатайұлы өз халқына адал қызмет етіп, 1874 жылы қайтыс болады.

Кез-келген ақын ұлы Абайға ұстаз болатындай биіктікке жете алмайды. Ал, халқымыздың маңдайына біткен санаулы ұлы ақындардың бірі Дулат Бабатайұлы Абайға ұстаз бола алды. Дулаттың өлеңдері ойы бар оқырманның санасын сілкіп, намысын оятар оттылығымен толғанысының кемелдігімен, тебіренісінің тереңдігімен ерекшеленеді. Бүгінгі ұрпақ Бабатайұлын зар-заман ақындары ағымының ең ірі өкіліне санайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау