Елімізден қашқан шенеуніктер мен кәсіпкерлер 100 миллиард теңге көлемінде шетелге алып кеткен

Сейсенбі, 25 Қазан , 2016 7:17

Қазақстаннан қашқан шенеуніктер мен кәсіпкерлер 100 миллиард теңгедей қаржыны шетелге алып кеткен. Бұл – соңғы 10 жылдағы көрсеткіш. Сыртқа кеткен активтерді қайтару туралы семинарда бас прокурордың орынбасары осындай мәліметімен бөлісті.

тенге78

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Андрей Кравченконың айтуынша, осы уақыт аралығында елді елең еткізген 200-ге жуық экономикалық қылмыстық іс тіркеліпті. Оның ішінде Әбләзов пен Храпуновқа қатысты істер де болуы мүмкін. Бірақ, бас прокурордың орынбасары ол жағын нақтылаудан қашқақтады. Сондай-ақ, Виктор Храпуновтың АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамппен сыбайластығы туралы да тіс жармады. Бастысы – шетке кеткен ақшаны ел бюджетіне қайтаруға барымызды саламыз деді.

«Мен айтқан соманың 30 пайызға жуығы мемлекет қазынасына қайтарылды. Біз бұл өте аз деп ойлаймыз. Елден осы қаражаттарды алып кетті деп айыпталған азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімі аяқталғанша қалған активтерді қайтару мүмкін болады. Бұл ретте әлемнің барлық елімен белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз», – дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко.

Жіберіп алмаңыз: 

Храпуновтың жымқырған миллиардтарын жасыруға Дональд Трамп көмектесуі мүмкін

Астанада әскерден қашқандарды көшеден іздестіріп жатыр

Қостанайда көлігіне балағат сөз жазып алған жүргізуші жазаланды

Әліби Жұмағұлов танысқан қызын мейрамхананың орнына полицияға апарып тастаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар