Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елдегі жер қойнауындағы қазба байлықтар жекенің қолына өтпекші

Елдегі жер қойнаулары сатылымға шығарылды. Инвеститция және даму министрлігі өткізген аукционнынан бюджетке бір жарым миллиард теңге түсті.

Esekeshov

– Жер қойнауын бере салмаймыз. Келісім-шартқа отырып жалға алады. Бұдан мемлекет те, кәсіпкер де табыс табады. Өйткені қаншама жұмыс орындары ашылады, бюджетке ақша түседі. Елімізде игерілмей бос тұрған жер қойнаулары жетіп артылады, – деді  ҚР Инвеститция және даму министрі Әсет Исекешов.

Аукцион ағылшын әдісімен  баға өсімі бойынша өткізілді. Залға жиналған шетелдік инвесторлар ақшасын аямады. Мәселен, бастапқыда 2 миллионға бағаланған Қарағандыдағы алтынға бай Наурызбай, Алтынсай кен орындары 280 миллион теңгеге дейін сатылды.

Жалпы, аукционда 100-ден астам жер қойнауы сатылуы тиіс еді. Бірақ, аукционға кейбір қатысушылардың келмей қалуынан  тек 49 жер телімі игерілуге берілді.

 

 
Талқылау