Елбасының Жарлығымен Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Олжас Сүлейменовке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы қаулы етілді.
Қаулыда “Отандық әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, сондай-ақ бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін ақын, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, – делінген.
Жіберіп алмаңыз:
Талқылау