Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасының Трамп және Тиллерсонмен кездесуінің видеосы жарияланды

Ақорда елбасының өзге мемлекет басшыларымен кездесуі туралы бейнежазбаны жариялады.

Photo-1435824520-87059

Қазақстан президенті “АҚШ – Ислам әлемі” саммиті аясында бірқатар мемлекеттердің басшылары және делегация жетекшілерімен келіссөздер жүргізді.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен әңгімелесті. Әңгіме барысында екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, соның ішінде сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету перспективасы талқыланды.  Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Тиллерсон мейлінше өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, мемлекетаралық ынтымақтастықтың түрлі мәселелері жөнінде Кувейт мемлекетінің Әмірі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахпен, Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифамен, Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен, Йеменнің Президентімен, Мавритания президенті Мохаммед ульд Әбдел-Әзизбен, Пәкістанның премьер-Министрі Шарифпен пікірлесті.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандағы жерлеу рәсімдері мен құдайы ас беру тәртібі нақтыланды

Павлодар облысында ақсақал туристерді қабылдау үшін этноауыл құрмақ

БЖЗҚ қандай жағдайда зейнетақы жинағын алдын ала шешіп алуға болатынын мәлім етті

Талқылау