Елбасының оқ өткізбейтін қызметтік көлігі көрмеге қойылды

Елбасының қызметтік көлігі Теміртаудағы бірінші президент мұражайына әрең сиды. Оқ өтпейтін металмен қапталған неміс көлігін ішке кігізу үшін ғимараттың кіре бірісін бұзуға тура келіпті. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Мұражайда елбасының қолданған заттары мен әр елдің басшылары берген сыйлықтар бар. Енді ол Назарбаевтың осыдан 10 жыл бұрын мінген қызметтік көлігімен толықты.

“Негізгі кіре беріс арқылы кіргіздік. Ол үшін алдымен кіре берістегі есік терезелердің бәрін алып тастауға тура келді. Қрандармен көтеріп баспалдақтарға қойдық. Содан кейін эстокада орнатып сол арқылы ішке кіргіздік. Аса қиын болған жоқ енді”, — дейді  Тұңғыш президент тарихи-мәдени орталығының директоры Саида Сарғызова.

Көліктің қозғалтқышының көлемі 5 жарым литр, салмағы 5 тоннаға жетеді. Корпусы мен терезелерін калибрі 5 сантиметрге дейінгі снаряд та тесіп өте алмайды. Президент көлікті ел аумағын аралағанда және мәртебелі қонақтарды күтіп аларда мінген.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар