Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасының ерекше сағаты жұрт назарына ілікті (фото)

Күні кеше Нұрсұлтан Назарбаев Вацлав Клауспен және Абдолла Гүлмен кездесті. Жұрттың назары осы кездесуге тағып келген елбасының ерекше сағатында болды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысы Астана клубының отырысы аяқталған соң Чехия Республикасының бұрынғы Президенті Вацлав Клауспен және Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдолла Гүлмен кездескен болатын. Аталған кездесуге елбасы классикалық үлгіде киініп келген екен.

Кездесу барысында тараптар жаһандық экономикалық және саяси үдерістердің қарқынды дамуына қатысты пікір алмасып, Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайына тоқталды. Қазақстан Президенті нарықтық экономиканы дамыту мәселесі бойынша тәжірибе алмасудың маңызды екенін айтып, қонақтарға Астана клубының отырысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Десе де, желі қолданушыларының назары саяси мәселелерде емес, елбасының қолындағы сағатта болды. Аталған білезік-сағатты Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше кездесуге қатар тағып келген болатын.

Спортпен тұрақты түрде шұғылданатын желі қолданушылары бұл білезікті бірден танығандарын айтып жатыр. Ол танымал брендке тиесілі фитнес-білезік екен. Жүрек қағысы мен қадам санын есептеп отыруға көмектеседі. Мұнымен қатар, уақытты көрсетеді.

Бұл ерекше білезіктің адамның түстерін бақылап, оларды бағалай алатын қасиеті бар. Барометр, гироскоп, акселерометр және GPS қосымшалармен жабдықталған.


Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да әлеуметтік 9 дүкен мен сауда қатарлары ашылды

12 жастағы алматылық студенттің қандай армандары бар

Жезөкшелердің етінен кәуәп жасап базарда сатқан алматылық адамжегіш алғаш рет сұхбат берді (фото)

Қазақстандық жүргізушілерге қандай жағдайда куәліксіз көлікпен жүруге рұқсат беріледі

Талқылау