Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың сирек кездесетін сағаттар коллекциясы (фото)

Астана қаласындағы тұңғыш президент музейінде Назарбаевқа әр жылдары табыс етілген сағаттар қойылған «Уақыт Құдіреті» атты көрме өтіп жатыр. Көрмеге қойылған сағаттардың барлығы дерлік Мемлекет басшысына дипломатиялық сыйлық ретінде табыс етілген.

_SAM9871

Елбасыға сыйға тартылған сағаттарды Stan.kz-тің Астанадағы тілшісі де тамашалап қайтқан еді.

Көрме төрінен 60-тан астам әр түрлі және сирек кездесетін туындылар орын алған. Онда механикалық, кварцты және электронды, сыйға берушілердің арнайы тапсырысымен XIX ғасырдан сыр шертетін антикварлық, тіпті уақыты 3000 жылға дейін есептелген күнтізбелік сағаттар да бар.

«Бұл сағаттар мұражайға жәдігер ретінде берілген. Олардың кейбіреуі музей ашылғанан бері тұр. Сағаттар бұл тек уақыт көрсететін құрал ғана емес, сонымен қатар өнер туындысы. Мұнда қабырға, қол, қалта, үстел,  каминдік және еденге қойылатын сағаттар бар. Олардың әрқайсысы Елбасымызға сыйға тартылғандықтан, құнды дүние болып табылады» – дейді ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің сарапшысы Гүлім Ыдырысова.

Сағаттың даму сатысы 3,5 мың жылдан астам тарихи кезеңді алып жатыр. Біз солардың кейбіріне тоқталып, көрмеге қойылған ең ерекше деген сағаттарды таныстырамыз.

XVII ғасырдан бастап XIX ғасыр аралығында сағат интерердің бір бөлшегі болды. Сол замандарда сағаттарды өрнектеп, оның әдемілігіне баса назар аударады. Ал, XX ғасырдың басында сағат түрлерінде өзгерістер пайда бола бастады. Енді, сағаттарды әсемдеу азайып, оны сән үшін емес нақты уақытты көрсететін құрал ретінде пайдалана бастайды. Осыған байланысты олардың корпустары шыны, хрусталь, плексигластан (органикалық шыны) жасала бастады.

Бұл «Айналма шар» үстел сағаты.  Мұны 2010 жылы Елбасымызға Латвия Президенті В.Затлерстен сыйға тартқан._SAM9958

Көрмедегі ең ерекше сағаттардың бірі «ATMOS». «ATMOS»  сағаты – күнтізбесі 3000 жылға есептелген дүниежүзіндегі жалғыз сағат.  «ATMOS» – сағат өнерінің шыңы. Оның әр бөлшегі қолдан жасалғандықтан, жинау үшін бір айға жуық уақыт кетеді. Кейін бес жұма тексерістен өткізіп, содан соң қолданушыларға беріледі._SAM9954

«Римдік гладиатор» камин сағаты. Металл, мәрмар, шыныдан әзірленген. Қақтау, металға жасалған көркем нақыш. 2014 жыл. _SAM9923

«Восток» қол сағаты. Өнер туындысы Н.Тілендиевтың сағаты. Оны Елбасымызға Н.Тілендиевтің жары сыйға берген. 1999 жыл. _SAM9903

Поровоз сағаты. XIX  ғасырда және XX ғасырда Еуропада кеңінен таралған термометр және барометрі бар индустриалды дизайнда жасалған сағат. Назарларыңызға ұсынылған сағат  XVIII ғ. екінші жартысындағы Францияда орын алған өндірістік революция кезінде жасалған алғашқы бумен жұмыс істейтін қозғалтқыштарға естелік ретінде дайындалған. Шағын сериялық шығарылым. «Қазақстан темір жолы» АҚ сыйға тартқан. _SAM9883 (1)

Қазақстанның картасы бейнеленген қабырға сағаты. Мұны Мемлекет басшысына ҚР сыртқы істер Министрлігінің өкілдері табыстаған. 2000 жыл. _SAM9855_SAM9857 _SAM9870 _SAM9878 (1) _SAM9887 _SAM9942_SAM9908

Талқылау