Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

“Елбасыға алғысымды білдіремін”: Сағынтаев отставкадан кейін мәлімдеме жасады

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкіметтің отставкаға кетуінен кейін мәлімдеме жасады. Ол президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді. Мәлімдеменің мәтіні премьер-министрдің баспасөз қызметінде жарияланды, деп жазады Stan.kz.

Бақытжан Сағынтаев

«Бүгін Үкімет отставкаға кетті. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалап, бүгінгі биіктерге жеткізген елбасы халқының өсіп-өркендеуін әрқашан ең басты қағида ретінде ұстанып, әрбір шешімін мемлекет пен халықтың мүддесі тұрғысынан қабылдап келеді.

Мемлекет құру оңай жұмыс емес. Жас мемлекетті түрлі қайшылықтар мен қақтығыстардан аман алып өтіп, тарихи өлшеммен алғанда тым қысқа мерзімде осындай абыройлы ел ету шын мәнінде шексіз құрметке лайық.

Елбасы — еліміздің сан мың жылдық тарихындағы ең жауапты кезеңде халқымыздың бағына берген ұлы да жасампаз тұлғасы. Сол себепті, халқымыз баянды бүгіні мен жарқын болашағын тек қана елбасының есімімен байланыстырады.

Өткен екі жарым жыл бойы Үкімет тізгінін тапсырып, жоғары сенім білдіргені үшін елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шынайы алғысымды білдіремін», – деп мәлімдеді Сағынтаев.

Айта кетсек, кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметті отставкаға жіберу туралы шешім шығарып, бұйрыққа қол қойды. Президенттің Қазақстан үкіметі алдына қойылған міндеттерді атқара алмайтыны туралы мәлімдемесі Ақорданың баспасөз қызметіне жарияланды. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, министрлер мен әкімдер халықпен жұмыс істеп, адамдардың проблемаларын тыңдап, жүргізіліп жатқан жұмыстар мен саясатты түсіндіре алмайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр