Елбасыдан сөз естіген Исекешев таң атпастан Астананы тексеруге шықты

Сенбі, 22 Сәуір , 2017 11:53

Елбасыдан сөгіс естіген Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев бүгін таңғы 6-дан бастап қаланы аралады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев  “ЭКСПО-2017” халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жөніндегі кеңесте Исекешевке бірқатар ескертулер жасаған болатын.

20170422073914

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігінен хабарланды.

Қала басшысы тұрғын-үй құрылыс нысандарында болып, ондағы санитарлық және абаттандыру талаптарының орындалуын, көліктердің дөңгелектерін жуу және жуу орнынан көшеге дейінгі жол жабындысының болуын тексерді.

Исекешев абаттандыру мәселесіне жауапты мекемелерге олқылықтардың орнын толтыруға бір апта уақыт берді. Сондай-ақ, абаттандыру және санитарлық талаптарды сақтамағандарды қатаң жазалайтынын ескертті. Астана әкімі қала аумағында құрылыс қалдықтарын үйіп қоюды жою және құрылыс алаңдарында қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинауға тыйым салуды талап етті.

20170422074318

Бұдан бөлек, әкім қаланың орталық және қосымша көшелерін, мөлтек аудандар мен тұрғын-үй массивтерін аралап, асфальт жабындысын, жолдың жай-күйін, ғимараттардың қасбеттері мен жаяу жүргінші жолдарын, жарық беру бағандарын, газондар мен жүргінші өтпелерін тексерді.

Ақырында елорда басшысы қаладағы барлық объекттер, көшелер мен аулалар тазалық пен тәртіп талаптарына сай келуі керектігін және тұрғындар үшін қауіпсіз болуы қажеттігін атап өтті.

Қала басшысы жауапты мекеме басшыларынан күн сайын барлық қоғамдық объектілерді тексеріп тұруға тапсырма берді. Сондай-ақ, орындалмаған тапсырма үшін басшыларды да, олардың қызметкерлерін де қатаң түрде жазалайтынын ескертті.

Есте болса, 21 сәуір күні елбасы Назарбаев Исекешевке ЭКСПО-ға дейін таңғы бестен жұмыс істеуді тапсырды.

“Қаланың жақсы мэрі жақсы басшы болуы керек. Ол таңғы бесте тұрып, орынбасарларымен бірге бүкіл қаланы аралап, қарап шығады да, сосын жұмысына келіп, “Президент келгенге дейін бәрін жуып, тазалап, ақтап қойыңдар” дейді”, — деді Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевке Астана қаласының дамуы және “ЭКСПО-2017” халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жөніндегі кеңесте.

Президент Астана әкімі мұны жасамаса, ЭКСПО көрмесіне дейін өзі күнде таңертең қаланы аралайтынын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Астана әкімі ескі үйлер мен саяжайларды сүріп тастауды ұсынды

Президент Исекешев пен Мұхамедиұлының жұмысын қатаң сынады

Әйтімова: Депутаттардың да сана-сезімі бар

Мұхтар Әблязов тауықтан да пайда тапқан

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар