Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Ұлттық банк қазақстандықтардың теңгеге деген сенімін арттыруы керек

Кездесу барысында Ұлттық банктің қазіргі қызметіне және ақша-несие саясатына, елдегі қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету ісіне, сондай-ақ банктердің экономиканың нақты секторын несиелеуіне байланысты мәселелер талқыланды.

 

пр2

-“Ұлттық валютаның еркін бағамы жағдайында халыққа төтенше ештеңе болып жатпағанын түсіндіру қажет. Теңгеге энергия тасымалдаушы өнімдердің бағасының төмендеуі ықпал етуде, бұл – табиғи үдеріс. Сонымен қатар, инфляция деңгейін, халықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз ету ісін қадағалап, әлеуметтік әлсіз топтарға көмек көрсету жағын қарастыру керек. Облыс әкімдері осы мәселелерді бақылауы тиіс”, – деді Қазақстан президенті.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк  қазақстандықтардың теңгеге деген сенімін қайта орнықтыру үшін шаралар қабылдап, экономиканы долларсыздандыру жұмыстарын жалғастыруы тиістігін атап өтті.

-“Бұл жағдайда бізге тиісінше ақша-несие саясатын жүргізіп, икемді бағам қалыптастыру қажет. Ең бастысы – қазір не болып жатқанын қоғамға түсіндіру”, – деді Ақышев.  Ұлттық банк төрағасы Ақышев Қазақстанның әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы қазіргі ахуалмен санасуға мәжбүр екенін айтты.

 

Талқылау