Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы тоқымашы қыздарды орнынан тұрғызып, бірге суретке түсуге шақырды

Жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстанда жүрген президент бүгін облыс орталығындағы бірқатар кәсіпорындарды аралады, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

ву

Дәрі-дәрмек шығарушы компаниядан бастап тоқыма фабрикасына дейін бас сұққан елбасы тіпті тоқымашы қыз-келіншектерді жұмыс орындарынан тұрғызып, бірге фотоға түсуге шақырды.

Ал президенттің өзімен суретке түскен жұмысшылар мәз-мейрам. Шенеуніктер мен фабрика басшылығы Назарбаевты текстиль фабрикасынан шыққан арнайы көрмеге шақырған. Көңіл-күйі көтеріңкі елбасы цехты да аралап шықты. Жұмысшылардың жағдайын біліп, тіпті тігінші келіншектерден тоқудың мән-жайын сұрап, маталарды да қолмен ұстап көрді. Назарбаев соңында кәсіпорынға батасын беріп, жұмыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды.

Талқылау