Елбасы Рио Олимпиадасында Қазақстан туын ұстауды Руслан Жаппаровқа тапсырды

Дүйсенбі, 4 Шілде , 2016 17:24

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Рио Олимпиадасында ел намысын қорғайтын спортшылармен кездесу барысында қазақстандық таеквондошы Руслан Жаппаровқа Қазақстан байрағын тапсырды. Спортшы ел туын Рио Олимпиадасында желбiрететiн болды.

b768b0bba43a89523b153e59f1d32c74

Сурет: Бауыржан Жуасбаев

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Бiз сiздердiң жеңiстерiңiздi асыға күтеміз. Жеңiмпаздарды мақтан тұтып, үлкен құрметпен қарсы аламыз. Сiздерге ақ жол және сәттiлiк тiлеймiн. Зор денсаулық, жақсы көңiл күй мен тек жақсы ой тiлеймiн. Не ойласаңыздар, сол болады, сондықтан тек жеңiс пен жоғары жетiстiктер туралы ойлаңыздар. Басқа ештеңенi ойламаңыздар. Ешқандай күмән болмасын. Бұл өте маңызды», – деген елбасы Қазақстан байрағын таеквондошы Руслан Жаппаровқа тапсырды.

Мемлекет басшысы спортшыға туды Олимпиада стадионына апарып, оны жоғары көтерiп, жеңiспен оралуын тiледi. Ал спортшы өз кезегiнде байрақты тек биiкте желбiретуге бар күш жiгерiн салатындарын айтып, Қазақстан әнұранын асқататып қайтуға серт бердi.

Айта кетейік, спортшылар мен жанкүйерлер тағатсыздана күткен төртжылдықтың басты додасы биыл тамыздың 5-21 аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтедi. Қазақстандықтар Олимпиадаға 26 спорт түрiнен 100-ден астам жолдама ұтып алды.

Жіберіп алмаңыз:

Рио Олимпиадасында 5 қазақстандық дзюдошы ел намысын қорғайтын болады

Қазақстанның ең үздік таэквондошысы Рио олимпиадасына қатыса алмайды

Қазақстан құрамасының ең жас боксшысы Рио олимпиадасына жолдама ұтып алды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар