Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы прокурорларды қазақстандық полицияның жұмысын бақылауда ұстауға шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокуратураны қазақстандық полицияның жұмысын бақылауда ұстауға шақырды. Президенттің айтуынша, жүйені реформалауда көп нәрсе жасалды, бірақ әлі де атқарылуы тиіс іс жеткілікті. Бұл туралы Ақ орданың баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Елбасы прокурорларды қазақстандық полицияның жұмысын бақылауда ұстауға шақырды

“Адам құқықтарының, заңды мүдделерінің сақталуы үшін заңға көптеген өзгерістер енгізді. Жалпы алғанда сотталғандардың саны 35 пайызға азайды. Бүгінде еліміздегі заңдылықты қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрі іске асырылды. Атап айтқанда, құқық қорғау органдары мен сот жүйесі реформаланды, тиісті заңдар қабылданды, соның ішінде бизнесті негізсіз тексерістерден қорғау туралы мәселе де қамтылды. Соларды тек сапалы орындау қажет”, – деді Қазақстан президенті.

Қайрат Қожамжаровтың Ақордаға екі кішкене қапшықпен келгеніне қарап, қазақстандық полицейлердің жұмысы туралы баяндама көп уақытты қажет етпеді. Қадағалау органының жетекшісі қылмыстық процесті реформалаудың нәтижесінде, қылмыстық істердің өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға азайғанын хабарлады. Кесдесу барысында Қожамжаров Назарбаевтың барлық ескертулерін мұқият тыңдады. Қадағалаушы орган президенттің тапсырмасы бойынша қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін заңдардың сапасын мұқият қадағалайтын болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау