Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы Павлодарда «Greenwich» гипермаркетінен 2740 теңгеге қажетінің бәрін алды

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар қаласына жасаған жұмыс сапары барысында «Greenwich» гипермаркетін аралады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

назрррр

Сурет caravan.kz сайтынан алынды.

2740 теңгеге сауда жасаған Мемлекет басшысы мұндағы азық-түлік бағасының өте төмен екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев бешбармақ кеспесі мен қарақұмық, қымыз, шай, қаймақ, нан және ірімшік сатып алды. Бұдан кейін өңірдегі қымыз өндіруші «Сағып» ШҚ-ның иесі Төлеу Құшманова Президентке шипалы сусынды Біріккен Араб Әмірліктеріне, Қытай мен Ресейге экспорттап жатқанын жеткізді.

” Ең бастысы, қымыз өндірісіне баса назар аударған жөн. Бұдан әрі де ұлттық сусынның танымалдығын арттыруда еңбек етулеріңізге тілектеспін”, – деді  Назарбаев

. Естеріңізге сала кетсек, «Greenwich» гипермаркеті 2013 жылы ашылған. Петропавл қаласында өткен Х сауда кәсіпкерлерінің форумында «Сауда үздігі» аталымында екінші орынға ие болған. Сондай-ақ әр түрлі қайырымдылық көмек жасауға қол ұшын созатын сауда орталығы өткен жылдың тамыз айынан бастап жергілікті фермерлердің көкөністерін жеткізуде.

Талқылау