Елбасы отыз қылмыс үшін азаматтықтан айыратын заңға қол қойды

Сейсенбі, 11 Шілде , 2017 17:08

Президент Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды.

10090489

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Бұл заң аса ауыр террористік қылмыстар және Қазақстанның ұлттық және өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян тигізген адамдарды Қазақстан азаматтығынан айыруды қарастырады.

Конституцияға сәйкес келтіру үшін 7 кодекс пен 46 заңға өзгерістер енгізіледі. Оның ішінде Қылмыстық кодекстің 21 бабында азаматтықтан айыру түріндегі қосымша қылмыстық жаза көзделіп отыр.

Осылайша, қылмыстық кодекстің 10 бабында көзделген 14 аса ауыр террористік қылмыс құрамдары бойынша азаматтықтан айыру көзделген. Мысалы, терроризм актісі үшін, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысқаны үшін осындай қосымша жаза қарастырылмақ.

Қалған 11 бап Қазақстанның ұлттық және өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян тигізуге байланысты.

“Ұлттық қауіпсіздік туралы” заңға сәйкес негізгі ұлттық мүдделерге Конституциялық құрылыстың тұтастығы жатады. Бұл ұғымға елдің тәуелсіздігі, біртұастығы және президенттік басқару нысаны кіреді. Қазақстанның негізгі ұлттық және өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян тигізетін қылмыстарға 11 бапта көзделген 16 қылмыс құрамдары кіреді. Мысалы, геноцид, сепаратистік әрекет, экстермистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу.

Бұл жазаны сот ерекше жағдайларда жасалған іс-әрекеттердің және әкеп соққан зардаптың ауырлығын, істің нақты мән-жайын негізге ала отырып тағайындайды. Азаматтықтан айыру соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі негізінде уәкілетті органда тіркеледі.

Тағы да оқыңыз:

Сақ болыңыздар: Ғаламторда Құрбан айтқа қатысты жалған ақпарат тарап жатыр

Жаңа вирус қазақстандықтардың банкоматтарынан ақша ұрлай бастады

Баланы залға алтын тақпен алып келді: ерекше той қазақстандықтардың наразылығын тудырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар