Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы халықтан отандық өндірушілерге қолдау көрсетуді сұрады

 Мемлекет басшысы «Қазжеңілөнеркәсіп – Алматы» ЖШС-да болды. Ол нысанды аралауда кәсіпорын қызметімен  танысты.Елбасы қаладағы жеңіл өнеркәсіптің ірі және орташа кәсіпорындары өнімдерінің көрмесін де аралап шықты.

b29dc6427d4ec18c5a1ec5b29cb50fe1 dcf4681a080a921b33655a877e92bbc2

” Барша қазақстандықтарға өзіміздің отандық тауарларды, соның ішінде «Мade in Kazakhstan» белгісі бар аяқ киімдер мен костюмдерді сатып алу қажеттігін айтқым келеді. Егер жеңіл өнеркәсіп ілгері басатын болса, сала кәсіпорындарында жұмыс істейтіндер еңбекақы алып, мемлекетке салық төлейді. Бұл бәріне тиімді – бюджетке түсім түседі, елде өзіміздің өндірген тауарларымыз пайда болады. Бұл орайда өнім сапасын ұдайы  жетілдіріп отырған жөн, – деді Қазақстан Президенті.

«Қазжеңілөнеркәсіп – Алматы» ЖШС – аяқ киім мен киім, соның ішінде әскерилер мен күштік құрылымдарына арналған киімдер шығаратын ірі өнеркәсіптік кәсіпорын. Фабрика 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір  кәсіпорын жылына 1,5 миллион тігін өнімдері мен 400 жұп аяқ киім шығарады.Шығарылатын өнім түгелдей СТ-KZ сертификатын иеленген, мұндағы қазақстандық қамту үлесі 50-75 пайыз болады.  Соңғы екі жылда өндіріс көлемі 6,8 есеге ұлғайып, 393 миллион теңгеден 2,7 миллиард теңгеге жетті.

Талқылау