Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен шөбересі өмірге келді

Елбасының шөбересі дүниеге келді. Бұл сүйінші жаңалықты Айсұлтан Назарбаевтың өзі мәлімдеді.

b99f6b8d3609fd5375c43cadbec81bf7

«Достар, өмірімдегі ең керемет күн туды. Осыны сіздермен бөліскім келеді. Кеше түнде менің сүйікті жарым маған қыз сыйлады. Тұңғышыңның өмірге келгенін күту ешнәрсемен салыстыруға келмейтін қуаныш екен. Құдайдың мұндай сыйына алғыс айтамын.  Белгілі себептермен бұл жайлы алдын ала айтқым келген жоқ. Кез келген қарапайым адам баласы секілді мен үшін де отбасым ең қымбатым. Егер біреулерде керісінше болса, ол өкінішті. Аллаға шүкір, осы сәт туып, қыз бала өмірге келді», – деп жазады Айсұлтан Назарбаев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, ол желіге жары Әлимамен бірге түскен суретін жариялады.

Қыркүйек айында Нұрсұлтан Назарбаевтың шөберелі болғанын хабарланған. Оның әкесі елбасының өзге немересі Нұрәли Әлиев болған.

Талқылау