Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы “Назарбаев Университетінде” байдың балалары ғана оқиды деген қауесетті жоққа шығарды

“Назарбаев Университеті” қазақстандықтардың белгілі бір тобының балаларына ғана емес, еліміздің түпкір-түпкіріндегі дарынды жастарға арналған, деді ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев жоғарғы оқу орнын бітіруші үшінші түлектердің университет бітіру салтанатында.

Елбасы “Назарбаев Университетінде” байдың балалары ғана оқиды деген қауесетті жоққа шығарды

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Оқу орнына түсіп, жетістікке жету объективті екенін білесіздер. Бұл қандай да бір субъективті факторлерге бағынбайды. Бұл негізгі қағиданы бәрінің білгені жөн. Университетте белгілі элитаның балалары ғана оқиды, мұнда ақша көбірек бөлінеді деген сияқты алып-қашпа әңгімелердің айтылып жүргенін білемін. Қаражат Қазақстанның болашағы үшін жұмсалып жатыр, университет — еліміздің активі. Мұнда он мыңнан аса талапкерлер оқуға тапсырады, бірақ 400-500 адам ғана түсетінін білемін. Географияға зер салатын болсақ, студенттер Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналған, ең дарынды балалар”, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы атап өткендей, университет пен зияткерлік мектептерінің есігі баршаға ашық, алайда ең дарынды, еңбекқор әрі білімге құштар жастар ғана түсе алады.

Биыл университеттің 737 түлегі дипломдарын қолдарына алды, олардың тоғызы докторанттар.

 

Талқылау