Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы Мырзатай Жолдасбековке: Тәуелсіздіктің алғашқы таңынан менің жанымда болдыңыз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбековты қабылдады.

96bd37b8779fc3c66f27ea4500785d91

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы кездесуде М.Жолдасбековты 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

“Тәуелсіздіктің алғашқы таңынан бастап сіз әрдайым менің жанымда болдыңыз. Маған қолдау білдіріп, кеңесшім, Премьер-Министрдің орынбасары болып қызмет атқардыңыз. Мен сізді жауапты лауазымдарға тағайындадым. Елші, университет ректоры болдыңыз, дипломаттарды тәрбиелеуге атсалыстыңыз. Белгілі ғалым, қаламгер ретінде кең танылдыңыз”, – деді Қазақстан Президенті.

2380453

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев кездесуде М.Жолдасбековтың ел алдындағы еңбегін ескеріп, қоғам қайраткерін І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

2380079

М.Жолдасбеков өз қызметінің нәтижелерін жоғары бағалағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

“Мен тәуелсіздігіміздің қалыптасуындағы барлық процестің куәгері болдым. Жақсылық та, қиындық та, таршылық та бастан өтті. Бақытымызға орай, қазір егемендіктің арқасында жақсы өмір сүріп жатырмыз. Ел ішінде реформалар жүргізілуде, бәріміз күткен рухани жаңғыру басталды. Мен қашан да сіздің қасыңызда, сенімді серігіңіз болып қала беремін”, – деді қоғам қайраткері.

Оқи отырыңыз:

Мұxамедиұлы жастарды букмекерлік кеңселерден шығарудың жолын тапты

Нұрсұлтан Назарбаев: Маған президент болуды университетте үйреткен жоқ

Білім министрлігі болашақтықтарды жұмыстан шығаруға тыйым салды

640 шетелдік Қазақстан азаматтығын алмақ

Талқылау