Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы менің сөзімді естіді: Өзіне президенттің қол бұлғағанын көрген бойжеткен қатты қуанды (видео)

Елбасы “Біз сізді жақсы көреміз” деген бойжеткеннің сөзін естіп қалып, қол бұлғады.

Мерекелік кештердің бірінде елбасы көпшілік алдынан өтті. Бойжеткен Назабаевқа “Біз сізді жақсы көреміз” деп айтып үлгерді. Мұны естіп қалған елбасы қолын бұлғап, күліп өте шықты. Президенттің өзіне жауап бергенін көрген бойжеткен қуанышын жасыра алмады.

“Ол мені естіді, ол маған қолын бұлғады”, – деп айқайлады қыз.

Желі қолданушылары бойжеткеннің әрекетіне күле қарады. Енді бірі сәттілікке балап жатты.

“Елбасының қолын алып амандассам, мен де бақытты болар ем”, “Қарапайымдылық танытты,  менмендік көрсеткен жоқ”, “Елбасымен кездесуді қазақ жақсылыққа жорып жатады”, – деп жазады желі қолданушылары.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау