Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы Медине қаласындағы Мұхаммед Пайғамбар мешітінде намаз оқыды

Қазақстан президенті Сауд Арабиясы корольдігіне ресми сапары барысында Медине және Эр-Рияд қалаларында болып қайтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

20161025031914

Елбасы ресми сапармен Сауд Арабиясы корольдігіне келді. Медина қаласына келісімен Нұрсұлтан Назарбаев провинция губернаторы Ханзада Фейсал бен Салман Әл Саудпен екіжақты кездесу өткізді.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Медина қаласындағы Мұхаммед Пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды, сондай-ақ Масджид ан-Набави мешітінің сәулетімен және интерьерімен танысты.

Одан кейін Қазақстан президенті Сауд Арабиясы королі Салман бен Әбдел Әл Саудпен келіссөздер нәтижесі бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отырған Эр-Рияд қаласына келді.

Сапар барысында Сауд Арабиясы Корольдігінің тағы бірқатар ресми тұлғалары мен іскер топтары өкілдерімен кездесулер өткізу қарастырылған.

elbasy

Жіберіп алмаңыз: 

Белгілі саясаткер Болат Әбіловтың әйелі қайтыс болды

Ішкі істер министрі барлық полицейлерді қызметінен қууға дайын

Бердібек Сапарбаев сотта ар-намысын қорғап алды

Назарбаев: Кезінде елорданы ауыстыру – бомбаның жарылуымен тең болды (видео)

Талқылау