Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы Маралтай ақынның өлеңінен “Нұр аға” сөзін алып тастауды өтінді

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен өткен XXIV сессиясында ақын Маралтай Райымбекұлы жырдан шашу шашты.

b709d4924d99dcb2e5a8c662b8fee0fa

Сурет: old.abai.kz 

«Аса мәртебелі Нұрсұлтан аға! Сізді бүкіл әлем барша Қазақстан халқының әкесі ретінде таниды. «Нұрлы жолмен» мәңгілікке бет алған ұлы көшіміз мәңгілік тоқтамасын, деген ниетпен мен өз ойымды жыр жолдарымен сабақтағым келеді.

Мәңгілік ел – арманымның асқары,

Мәңгілік ел – бақытымның бастауы.

Мәңгілік ел – тарихымның дастаны,

Мәңгілік ел Нұрлы жолға бастады.

Мәңгілік ел – менің аппақ мұратым,

Болашаққа нұрын шашып тұратын.

Мәңгілік ел – нұрлы жолы қазақтың,

Бар әлемге мойындатар қуатын.

Мәңгілік ел – шежіресі даламның,

Мәңгілік ел – ақ тілеуі анамның.

Мәңгілік ел – мәңгілікке аманат,

Мәңгілік ел – нұрлы жол бабамның.

Мәңгілік ел – бейбіт өмір әуені,

Мәңгілік ел ең адамдай әдемі.

Мәңгілік ел – тәуелсіздік тірегі,

Мәңгілік ел – бүкіл халық тілегі.

Мәңгілік ел Нұр ағамның тілегі,

Нұр ағамды бүкіл әлем біледі.

Қазақ елі бейбітшілік тірегі,

Нұр ағамның нұр жолымен жүреді», – деді ақын.

«Жарайсың, Маралтай, аман бол! Қатырдың бұл жолы. Мынаны газетке берейік. Бірақ Нұр аға дегенді алып тастайық», – деп әзілдеді елбасы ақынға қарата.


 

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев: Өзінде мақтан тұтарлық ештеңесі жоқтар ұлтшыл болады

Назарбаев: Маған «шенеунік» деген сөз ұнамайды

Талқылау