Елбасы Маралтай ақынның өлеңінен “Нұр аға” сөзін алып тастауды өтінді

Сейсенбі, 26 Сәуір , 2016 14:39

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен өткен XXIV сессиясында ақын Маралтай Райымбекұлы жырдан шашу шашты.

b709d4924d99dcb2e5a8c662b8fee0fa

Сурет: old.abai.kz 

«Аса мәртебелі Нұрсұлтан аға! Сізді бүкіл әлем барша Қазақстан халқының әкесі ретінде таниды. «Нұрлы жолмен» мәңгілікке бет алған ұлы көшіміз мәңгілік тоқтамасын, деген ниетпен мен өз ойымды жыр жолдарымен сабақтағым келеді.

Мәңгілік ел – арманымның асқары,

Мәңгілік ел – бақытымның бастауы.

Мәңгілік ел – тарихымның дастаны,

Мәңгілік ел Нұрлы жолға бастады.

Мәңгілік ел – менің аппақ мұратым,

Болашаққа нұрын шашып тұратын.

Мәңгілік ел – нұрлы жолы қазақтың,

Бар әлемге мойындатар қуатын.

Мәңгілік ел – шежіресі даламның,

Мәңгілік ел – ақ тілеуі анамның.

Мәңгілік ел – мәңгілікке аманат,

Мәңгілік ел – нұрлы жол бабамның.

Мәңгілік ел – бейбіт өмір әуені,

Мәңгілік ел ең адамдай әдемі.

Мәңгілік ел – тәуелсіздік тірегі,

Мәңгілік ел – бүкіл халық тілегі.

Мәңгілік ел Нұр ағамның тілегі,

Нұр ағамды бүкіл әлем біледі.

Қазақ елі бейбітшілік тірегі,

Нұр ағамның нұр жолымен жүреді», – деді ақын.

«Жарайсың, Маралтай, аман бол! Қатырдың бұл жолы. Мынаны газетке берейік. Бірақ Нұр аға дегенді алып тастайық», – деп әзілдеді елбасы ақынға қарата.


 

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев: Өзінде мақтан тұтарлық ештеңесі жоқтар ұлтшыл болады

Назарбаев: Маған «шенеунік» деген сөз ұнамайды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

25
Комментариев
  • намысты қазақ says:

    Маралтай, сен сабынсың!

  • Жұмбақ жан says:

    Нағыз талант екенсің неғып том том болып кітаптары шықпай жүр, тұрмастан оқыр едім

  • Жұмбақ жан says:

    Алдай-ау алдай түріңнен сенің, түрің құрысын бұртиған

  • Жұмбақ жан says:

    Бұлда бір өнрғой күн көрісі шығар қасқаның

    • Айкүміс Досан says:

      Азаматтар, біз неге жаман сөз айтуға, кекетуге, кемітуге құмармыз. Ассамблеяда сөз алған Маралтай ақын басқаша не айтуы керек ? Жұмбақ жүріп, бұғып, тасадан тас ату оңай. Маралтайдың бұған дейінгі өлеңдерінен не жамандық көрдің? Болмаса , бұл өлеңінде не жамандық бар? Орыс тәртібіне үйреніп, әкеміздің, атамыздың, пірлеріміздің атын құрдасымыздай атаймыз. Елбасын – “Нұр – аға” дегенде тұрған не бар? Кезінде “Ленин-бабам” дегенде ешкім ешкімге сын айтпап еді. Елімізге еңбегі сіңген Елбасыға қандай жұлдызды теңеу айтса да бөтен емес. Не болмаса, Мәңгілік Ел болуға не қарсылығың бар? Ата-бабамыз бізге ұлан-байтақ жер қалдырды, біз келер ұрпаққа гүлденген, кемелденген Мәңгілік Ел қалдырсақ деп жүрген жоқпыз ба? Бір-бірімізді балақтан тартып, әлеуметтік желінің ауасын ластағаннан басқа шаруа бітірмей жүрген жігіттерге айтарым – аяғы лас жерді, ауызы лас елді былғайды. Маралтай ақынның өлеңінен саясат іздемеңдер. Орынды, дұрыс айтылған көптің сөзі. Ұрысқанымды кешіріңіздер.

  • Жұмбақ жан says:

    Не деген акын.
    не деген токпе жыр, булбулым.

  • Жұмбақ жан says:

    Үйреншікті сөздер мен ұйқастар, тым қиын да қызық емес, жаттанды жолдар.

  • Жұмбақ жан says:

    Бұлбұл

  • қара домалақ says:

    Нурекеннің көтенің жылтыратып жіберді ғой мынау Маралтай …

  • Жұмбақ жан says:

    Әй, Маралтай. Сен де бұзыла бастаған екенсің. Хан сарайына жақындағың келіп жүр-ау. Хан сарайын көрген Әлішер Науаи: -“Қай заманда сарайдан бақыт тапқан қай кісі? Шаттығынан ол жердің басымырақ қайғысы. Алыс жүрсін кім-кім де, шын өлгісі келмесе, Тіптен алыс жүргендер бақыттырақ он есе!” және – “Шенсіздіктен асқан шен жоқ деп білем” деп өсиет айтып кеткен. Жоғалып кеткен досың Әділ Ботпановтың ағасы Қызылордалық Сәпен ағаң.

  • Жұмбақ жан says:

    Нед-деген керемет жақсы көру!

1 2 3

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар