Елбасы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Дүйсенбі, 12 Қыркүйек , 2016 9:49

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

4(265)

«Қымбатты қазақстандықтар!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!

Жасампаздықтың, ізгілік пен мейірбандықтың нышаны болған осынау жарқын мереке адамдарды қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейді.  Ол қазақстандықтардың жүрегіне жақындарына деген сүйіспеншілік ұялатады, адамгершілік құндылықтарды нығайта отырып, көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға жетелейді және рухани дәстүрлерге баулиды.

Қазақстан табысты дамыған 25 жылда Құрбан айт шын мәнінде Ел бірлігі мен қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайта түсуге бірегей ықпал еткен айтулы мейрамға айналды.

Осынау қасиетті мереке күндері әрбір отбасына бейбітшілік пен келісім, амандық және құт-береке тілеймін!» – деді президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Жіберіп алмаңыз: 

Бүгін – Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні

Құрбан айт жайлы әр мұсылман білуі тиіс 12 дерек

Алматыда Құрбан айт кезінде құрбандық шалатын орындар анықталды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар