Елбасы Қазақстандағы сот төрағалары туралы: Олардың сапасына қатысты сұрақ туындайды

Бүгін, 19 қарашада, Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен сот жүйесін жаңғырту мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Елбасы Қазақстандағы сот төрағалары туралы: Олардың сапасына қатысты сұрақ туындайды

Отырыс барысында сот жүйесін Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауда көрсетілген басымдықтарға сәйкес одан әрі жаңғырту мәселелері талқыланды.

«Халықтың соттарға сенімі мемлекетке деген сеніммен бара-бар. Осыған байланысты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында маңызды жұмыс атқарылды. Сот жүйесін жетілдіру экономикамызды жаңғыртудың және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттырудың маңызды бөлігі саналады», – дейді президент.

Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесінің жұмысындағы кешенді мәселелерді шешу үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Осыған орай, сот жүктемесі соңғы үш жылда екі есе артқаны атап өтілді.

«Бір жұмыс күні ішінде судья 4 отырыс өткізіп, осыншама шешім қабылдап, 150 санкция шығаруы керек. Осыдан кейін, әрине, олардың сапасына қатысты сұрақ туындайды. Бұл істердің 30 пайызы сотта қарауды қажет етпейді», – дейді елбасы.

Сонымен қатар Қазақстан президенті елімізде сот жүктемесін азайту, азаматтық процесті жеңілдету, сот ісін жүргізудің жылдамдығын арттырып, ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

«Сот кадрларының сапасы, олардың мүлдем басқа әдістерді талап ететін заманауи экономикалық жағдайларға әзірлігі және бейімделуі – маңызды мәселелердің бірі. Құқықтық сауаты жоқ судьялар бізге реформа жүргізуге көмектесе алмайды. Судьялар құзыреттіліктің, адалдықтың, әділеттілік пен әдептіліктің үлгісі болуға тиіс», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, елбасы бүгінде судьяларды іріктеу тәртібі күшейтілгенін атап өтті. Мәселен, судья лауазымына 100 үміткердің ішінен 5-еуі ғана сынақтан өткен. Бұл талаптар сот жұмысына күрделі істерді қарастыруға қабілетті әрі біліктілігі жоғары заңгерлерді тарту үшін қойылып отыр. Мұндай мамандарға тиісті жағдай жасалып, лайықты жалақы белгіленеді.

«Ант берген судьяларға айтарым, ант дегеніміз – жай ғана сөз емес. Өз іс-әрекеттеріңізде антты басшылыққа алуларыңыз керек. Судьялардың жалақысы мен оларды қамтамасыз ету мәселесі салық төлеушілер қаражаты есебінен шешіледі. Сондықтан, судьялар тиімді жұмыс істеуі тиіс. Заң бұзған судьяға ең қатал жаза қолданылуы керек», – дейді мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті кадрлық мәселелердің бәрін Жоғары Соттан Жоғары Сот Кеңесіне беруді ұйғарды. Судьялардың мансаптық ілгерілеуі қоғам тарапынан бағаланатын кәсіби біліктілігі мен адалдығына ғана байланысты болуға тиіс.

Елбасы сот кадрларын сапалы тұрғыда жаңартуға бағытталған заң жобасын әзірлеп, Парламенттің қарауына енгізуді тапсырды.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес, 2019 жылы 470 судья кәсіби бағалаудан өткізіледі. Осыған орай, Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот пен Жоғары Сот Кеңесінің басшылығына бұл мәселенің шынайылығын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Қоғамда соттарға деген нық сенім болғанда ғана сот жүйесін жаңғырта аламыз. Біздің түпкі мақсатымыз – тәуелсіз әрі сатылмайтын сот билігі. Соттар статистикалық әдістермен ғана емес, сондай-ақ тәуелсіз әлеуметтік зерттеулер жүргізу арқылы бағаланатын болады. Сот құрамы судьялардың қаншалықты адал қызмет етіп, сенімге ие болғанына байланысты бағаланатынын түсінуге тиіс. Заңнаманы қатаң сақтауға негізделген шұғыл әрі ашық сот төрелігі қоғамымыздың негізі мүддесі мен еліміздің стратегиялық даму бағытына сай келеді», – дейді Назарбаев.

Қазақстан Президенті сот ісін жүргізуде және электрондық сервистер жұмысында жаңа форматтар енгізуді, сондай-ақ сот ғимараттарында фронт-кеңселер құруды тапсырды.

Белгіленген міндеттердің жүзеге асырылуына бақылау жасауды қамтамасыз ету Президент Әкімшілігіне жүктелді. Бұл орайда, сот істерінің сапалы әрі уақтылы қаралуына, сондай-ақ азаматтардың талабын қанағаттандыруға баса мән берілуі керектігі атап өтілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар