Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев жалақы мен зейнетақының көбейтілетінін хабарлады

Экономикалық тәуекелдерге қарамастан Қазақстан халықты әлеуметтік қолдау шараларын жалғастырады.

1413341790_2yjmhj

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында осылай мәлімдеді.

«Көптеген жылдар бойы қарқынды динамикалық өсім бізге белсенді әлеуметтік саясатты жүргізуге септігін тигізді. Азаматтарымыздың өмір сапасын бірнеше есеге арттыра алдық. Экономикамыз бастан кешіп отырған қиындықтарға, жаһандық құбылыстарға қарамастан біз халқымыздың әл-ауқатын арттырып келдік. Он жылда әлеуметтік салаға жұмсалған шығыстар үш есеге арттырдық», – деді Назарбаев.

Бұл ретте Мемлекет басшысы әлеуметтік саладағы мемелкеттік басқаруларда жұмыс істейтін 1,2 млн. адамнан асатынан атап өтті. Ал мемлекет қамтамасыз етіп отырған әлеуметтік төлемдерді алушылар саны 1,5 млн адамнан асқан.

« Мен 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы орташа алғанда 28 пайызға, білім беру -29, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы орташа алғанда 40 пайызға артатынын жариялаймын. Бұл ретте бюджеттік сала қызметкерлерінің санаты бойынша жалақысына сараланған төлемді енгізу ақылға қонымды. Келесі жылы әлеуметтік жәрдемақыларды, мүгедектігі үшін берілетін жәрдемақылар мен шәкіртақы мөлшерін 25 пайызға арттыру қамтамасыз етіледі. 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан біз ынтымақты зейтенақыны инфляция деңгейінен алдын ала 2 пайызға индекциялайтын боламыз», – деді Назарбаев.

2016 жылдан бастап «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға артады.

«Біз бұл мақсаттарға қаражатты табамыз. Ол үшін барлық бюджеттік бағдарламалар оңтайландырылады, біз оны есептеп шықтық. Осылайша, біз жалақыны арттыруға қатысты қаражатты таба аламыз. Өзіміздің халық алдындағы міндеттемелерімізді толық орындайтын боламыз», – деді Назарбаев.

Талқылау