Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы Головкинге қарсыластарын көбірек сұлатып, сосын үйге қайтуды тапсырды

Бүгін партия төрағасы, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның рухын көтеріп, елімізді әлем алдында насихаттауға зор үлес қосып жүрген ел спортшыларын ұлт мақтанышы ретінде атап өтті.

preview-image

Бұл туралы елбасы Астанада өткен «Нұр Отан» саяси партиясының кезектен тыс XVII съезінде айтты.

«Біздің жиынымызға Геннадий Головкин де қатысып отыр. Бүкіл Қазақстан сен бокс рингіне шыққанда саған жанкүйер болады. Түннің жарымында, Америкамен сағаттың қаншама айырмашылығына қарамастан жұрт тағатсыздана күтеді. Олардың бәрін де сұлат та, Қазақстанға орал», – деді әзілдей сөйлеген Елбасы. Өз кезегінде Геннадий да «міндетті түрде» деп жауап берді.

Сонымен қатар, Президент әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жеңімпазы Илья Илинді Қазақстанның мақтанышы ретінде атап өтті. «Қазақтың барысы Бейбіттің (Ыстыбаев) жанында Әлия (Юсупова) да отыр.

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те осында. Бәрін санамалай бермейін, олардың барлығы Қазақстанды насихаттауға өздерінің зор үлесін қосып жатыр. Біздің рухымых биік. Міне, Қазақстанның рухын әлем алдында абыроймен арттырып жүрген осы спортшыларымыз. Біз экономика мен саясаттағы держава емес, спорттық да державамыз. Жастар осы біздің мақтаныштарымызға қарап үлгі алсын», – деді Н. Назарбаев.

Талқылау