Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда Геннадий Головкинмен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ астанасында  кәсіби боксшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Геннадий Головкинмен кездесті.

20160401052841

Сурет: www.inform.kz 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Президенті кездесу барысында Г.Головкинді «ЭКСПО-2017» елшісі мәртебесіне ие болуымен  құттықтап, оның жаңа табыстар мен рекордтарға қол жеткізуіне тілектестігін білдірді.

Г.Головкин боксты және жалпы спортты дамытуға зор үлес қосып, көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

IBF/IBO/WBA нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин World Expo 2017 көрмесінің ресми елшісі атанды.

Спортшыға бұл құрметті атақ Вашингтонда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысатын салтанатты рәсімде ресми түрде табысталады. Головкин World Expo 2017 салтанатына қатысу үшін өзінің жаттығуын уақытша үзді, – деп хабарлайды sports.kz.

Еске сала кетсек, Геннадий өзінің келесі айқасын Доминик Уэйдпен өткізеді.

Талқылау