Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы Ермұхамет Ертісбаевты жаңа қызметке тағайындады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ермұхамет Ертісбаевті Беларусьтегі төтенше және өкілетті елші қызметіне тағайындады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ертісбаев Беларусьтегі елші қызметіне қоса ТМД-ның Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкілі қызметін де атқарады.

Бұған дейін Қазақстанның Беларусьтегі елшісі болған және Ерғали Бөлегенов “зейнет жасына толуына байланысты” қызметінен босатылды. Ол Қазақстанның ТМД-ның Жарғылық органдары жанындағы тұрақты өкілі қызметінен де босатылды.

61 жастағы Ермұхамет Ертісбаев 2013 жылдың сәуірінен осы кезге дейін Қазақстанның Грузиядағы елшісі болған.

Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан тәуелсіздік алғанда Қазақстан жоғары кеңесінің депутаты, кейін социалистік партия хатшысы болды. Әр жылдары президент әкімшілігінде әртүрлі қызметтер, министр, бірнеше мәрте президент кеңесшісі міндетін атқарды.

Ертісбаев 2008 жылы үшінші мәрте президент кеңесшісі қызметіне тағайындалған. Бұл қызметін ол Грузиядағы елші болғанға дейін атқарған.

Тағы да оқыңыз:

Назарбаев: Адам денсаулығының 10-15 пайызы ғана медицинаға тәуелді

Атамбаев: Назарбаев мені ешқашан кешірмейтінін білдім

Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы: Қызымды көрмегеніме,сөйлеспегеніме 2 жыл болды

Талқылау