Елбасы Ердоғанға және Түркия халқына Анкарадағы террорлық актіге байланысты көңіл айтты

Дүйсенбі, 14 Наурыз , 2016 13:37

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанға Анкара қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

президент

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Жеделхатта қайғылы оқиға салдарынан көптеген жазықсыз адамдардың қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды Қазақстан президенті зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

«Еліңізбен көрші аймақтағы тұрақсыздық пен халықаралық терроризмнің өршуіне қарамастан, Түркия ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте табандылық танытатынына сенімдімін. Халықаралық терроризмнің тамырына балта шабу әлемдік қоғамдастық алдында тұрған ең өзекті міндет деп санаймын», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан ХХІ ғасырдың ең қауіпті қатеріне қарсы күресте бауырлас түрік халқын қолдайтынын атап айтты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Р.Ердоғанға, қаза тапқандардың туыс-туғандарына, сондай-ақ барша Түркия халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
м

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар