Елбасы елді руға, жүзге, жерге бөлінбеуге шақырды

Жексенбі, 13 Желтоқсан , 2015 21:57

Президент 2015 жылды қорытындылай отырып түрлі елдердегі атыс-шабыстарды, экономикалық,саяси қақтығыстарды еске түсірді. Осындай қиыншылық заманда ел азаматтары іштей бөлінбей, бірлікте болса көптеген қиындықты жеңетін ескертті.

600

«Адамдар жеке мүлкіне руын, жерін, жүзін жазу дұрыс емес. Бұл дегенің іштей ыдырау. Іштей бөлініп,жауласу. Кезінде Кеңес үкіметі  ел ішіне осындай жік салып зардабын көріп едік. Сондықтан алдағы уақытта ондай қателікті болдырмауымыз керек. Бізді сырттан алғалы тұрған жау жоқ. Сонда да іште тату болуымыз керек. Сонда ғана кез келген мәселе оңынан шешіледі»,-деді Президент.

Сөз барысында оралмандар мәселесі де айтылды. Елбасы әлі де болса тарихи отанына ораламын деушілерге есігіміз ашық екенін атап айтты.

«Біз кезінде материалдық тұрғыда көмектестік. Дағдарыстың кезінде ондай мүмкіндік жоқ. Есесіне, заңдық тұрғыдан айтарлықтай жеңілдіктер жасаудамыз. Азаматтық алуда, құжаттарын рәсімдеу үшін көптеген жеңілдіктер бар. Тәуелсіздік алғаннан бері 1 млн азамат елге оралды. Олардың келгені жақсы. Санымыз артады.  Жергілікті халық арасында оралған азаматтарға қолдау көрсетіп, өзімізге бейімдеу мәдениеті қалыптасуы керек»,-деді Назарбаев.

Президент тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елге оралған азаматтардың  көрген қиындықтарын да айтып өтті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар