Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы “Болашаққа” бөлінетін ақшаның бір бөлігін Назарбаев университетіне аударуды ұсынды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» бағдарламасына бөлінетін қаражаттың бір бөлігін Назарбаев университетіне аударуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170527130747«Болашақ» бағдарламасы қаржысының бір бөлігін аталған университетте білім беруге бағыттаудың уақыты жетті. Осында серіктестік инновацияның пәрменді экожүйесін қалыптастыру маңызды. Әлемге өздерінің идеясын ұсынатын жас ғалымдар консультациялар, бастапқы капитал, заңгерлік қызмет түріндегі жүйелі қолдауды алуы тиіс», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы оқу бітірген түлектерді құттықтау рәсімінде.

Мемлекет басшысының пікірінше, университетте ұстаздар мен басқарушылар білім алып, содан кейін ғана жинаған тәжірибелерін еліміздегі барлық жоғары оқу орындарына ендірулері керек.

20170527130345

««Бұл оқу орны Тәуелсіздік жылдарында табысты жүзеге асырылған жобалардың бірі. Біртіндеп осында білікті отандық кадрлармен жеке ғылыми мектеп қалыптасады. Кешекте түлектер бұл оқу орнында ғалым атанады және олардың жобалары елімізде және шетелде мойындалады деп сенемін», – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Елбасы Назарбаев университетін бітірген студенттерді құтықтады. Биыл аталған оқу орнын 737 студент аяқтап жатыр, олардың 499 – бакалавриат, 229 – магистратура және алғашқы 9 түлек докторантураны бітірді. Назарбаев университетін 75 түлек үздік бітіріп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Прокурор Мұхтар Әбілязовті 20 жыл түрмеге қамауды талап етті

Білім министрлігі болашақтықтарды жұмыстан шығаруға тыйым салды

Павлодарда «Қазавтожолдың» лауазымды шендісі 3 миллиард ұрлады деген күдікке ілінді

640 шетелдік Қазақстан азаматтығын алмақ

Талқылау