Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы бейбітшілікті нығайтқаны үшін мәртебелі сыйлыққа ие болды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан мен Сербия арасындағы бейбітшілік, ынтымақтастық және достықты нығайту ісіне қосқан зор үлесі үшін «Карич қоры» сыйлығын табысталды.

5

 

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Сербия астанасы Белград қаласында жыл сайынғы «Карич қоры» сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

Бұл сыйлық Қазақстанның Сербиядағы Елшісі қызметін қоса атқаратын Нұрбах Рүстемовке табыс етілді.

«Карич қоры» Н.Назарбаевтың бүкіл әлем алдындағы Семей ядролық полигонын жабу және КСРО-дан мұра болып қалған ядролық қарудан бас тартудағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін өткізу арқылы конфессияаралық бейбітшілікті ілгерілетудегі айрықша еңбегін атады.

Сербияда Қазақстан Президенті екі құрлықтың басын қосатын маңызды экономикалық бірлестік Еуразиялық экономикалық одақтың негізін қалаушы саналады.

Осыдан 18 жыл бұрын ағайынды Каричтер негізін қалаған «Карич қоры» сыйлығы бейбітшілікті, халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтқаны үшін; мәдениет пен өнер; экономика мен шаруашылық қызмет; журналистика, публицистика және баспа ісі; ғылыми-зерттеу жұмыстары және гуманитарлық қызмет аталымдары бойынша табыс етіледі.

Сыйлық лауреаттары арасында Владимир Путин, Жорес Алферов, Евгений Примаков, Юрий Осипов, Эмир Кустурица, Новак Джокович, Жан-Кристоф Буисон сынды әлемге есімі танымал тұлғалар бар.

 

Талқылау