Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы: Бердібек Сапарбаевтың жұмысына оң баға берем

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге барған сапарын қорытындылап, өңір басшылығының жұмысына баға берді.

Елбасы «Әсем» білім беру-сауықтыру орталығын аралап көргеннен кейін облыста атқарылып жатқан жұмыстарға бағасын берді, деп жазады Ақорда.

«Ақтөбе облысына сапарым аяқталды. Уақыттың тығыздығына байланысты аудандарға бара алмай, тек қаланы араладым. Көргенім жақсы әсер қалдырды. Облыста Жолдаудағы тапсырмалар орындалуда. «7-20-25» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Алғашқы пәтерлер берілді. Спорттық, мәдени нысандар салынуда. Экономикалық даму бар, 5 пайыздық өсім жақсы көрсеткіш. Офтальмологиялық орталықта болып, адамдармен кездестім, олардың көңіл-күйін білдім. Атқарушы биліктің жұмысына оң баға беремін. Ақтөбеге жыл сайын келіп, кездесіп тұрамын. Облыста көп жұмыс атқарылып жатыр. Адам өмірінің жақсы болуы мемлекеттің экономикасына байланысты. Газ бар, үй құрылысы жүріп жатыр. Алдағы уақытта ішкі жол салынады. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың жұмысына оң баға берем”, – дейді елбасы.

Назарбаев өңірде атқарылмаған жұмыстарға қатысты кемшіліктер барын да атап өтті.

“Дегенмен, кемшіліктер де бар. Жолдауда айтылған тапсырмаға сай ең төменгі жалақы 1,5 есе көбейеді, адамдардың жағдайы түзеледі. Барлығы түзелуі үшін жұмыс істеуіміз керек. Қазақстанда жұмыс істеген адам жаман тұрмайды», – деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау