Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы балалар үйі түлегінің арманын орындады

Павлодар облысындағы Қашыр балалар үйінің түлегі, музыкалық колледждің тәрбиеленушісі Алексей Лодочников Достық үйінде елбасымен кездесіп арманы орындалғанын айтты.

30386

Фото: azh.kz 

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

«Өзге де мыңдаған қазақстандықтар секілді мен де сізді әкеміз деп санаймын. Әрбір баланың арманы бар. Ал, бүгін мен сізбен кездесіп арманым орындалды. Атақты әнші Әміре Қашаубаев 1925 жылы Прижде өткен ЭКСПО-да «Балқадиша» әнін орындады. Сіздің де осы әнді орындағаныңызды теледидардан көрдім. Енді мен сізге осы әнді айтып бермекпін. Және Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінде де айтқым келеді», – деді Алексей қазақ тілінде.

Президент жас баланы қазақ тілінде сөйлегені үшін мақтады.

«Сен қазақ тілінде менің серіктерімнен жақсы сөйлеп тұрсың», – деген елбасы оны Астанада өтетін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған концертке міндетті тірде шақыратынын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев: Жақсы өмір сүру үшін университетте оқу міндетті емес

Бас прокурор келер алдында Ақтөбе “сақалдылардан” тазартылды

Танымал әзілкештер түрік сериалына пародия жасап “Сұлтан Сүлейман брат” киносын түсірді (видео)

Дәрігерлер жыныс мүшесіне 2 күн бойы неке сақинасын тағып ауырған қытайлықты құтқарды (видео)

Талқылау