Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы Аяз Атаға хат жазған балалардың тілегін орындады

Мемлекет басшысы Қазпоштаның “Аяз Атаға хат жаз” жобасын қолдай отырып, хатта жазған балалардың тілегін орындады.

10651914

Бұл туралы Дәурен Абаев Facebook желісіндегі Ақорданың ресми парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, елбасы БҚО-да тұратын Виктория Харлошиноваға хатта жазған өтініші бойынша шығармашылық жұмыспен айналысуға арналған “Doh Vinci” жиынтығын сыйлады.

Сондай-ақ, президент СҚО-дағы интернатта тәрбиеленіп жатқан бүлдіршінге музыкалық орталық пен қазақстандвқ жазушылардың кітаптарын сыйға берді.

“Президенттің өзі де сурет салғанды жаны сүйеді. Сондықтан бүлдіршіннің тілегін орындап, қосымша жас суретшілерге арналған энциклопедияны сыйға тартты. Шара барысында қазіргідей қиын кездің өзінде көмекке мұқтаж жандарға жәрдем көрсетілді. Жүздеген қазақстандық азамат тұрмысы төмен отбасылар мен жетімдердің, мүгедек балалардың тілегін оырндап, қол ұшын берді. Елбасымыз да осы іске баса назар аударып, осындай қадамдары арқылы өзгелерге де үлгі бола білді”, – дейді Дәурен Абаев.

 

Талқылау