Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы ауыл шаруашылығын дамытуға күш салуды тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жолдауы барысында Қазақстан үкіментіне ауыл шаруашылығын дамытуға күш салуды және туризмды дамытып, туристерге жағдай жасауды тапсырды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Елбасы ауыл шаруашылығын дамытуға күш салуды тапсырды

“Біздің елде ауыл шаруашылығын дамытуға барлық жағдай жасалған. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда астықтың түр-түрі өседі. Сол сияқты ауыл шаруашылығын дамытуға барынша күш салуды тапсырамын. Экспортқа бағытталған индустрияландыру экономикалық саясаттың басты элементі болуы керек. Үкімет экспортшыларға, ең алдымен, өңдеуші секторға қолдау көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, біздің сауда саясатымыз әлсіз болғанды доғаруы керек. Оған белсенділік таныту қажет», – деді Елбасы.

Сонымен қатар, Назарбаев отандық кәсіпорындарға тұтынушылық тауарлардың кең ауқымын меңгеруге көмектесу керектігін айтты. Яғни, қарапайым заттардың экономикасын дамыту керек.

“Осының айналасында не болып жатқанын қараңыздар. Беларусь өндірушілері өздерін қалай қорғайтынын жақсы білесіздер. Біз Қырғызстанның жолын жауып тастағанда не болды. Сол кезде олар қалай күресті? Ал, біздікілер үнсіз отырады. Олар тек басшылық қана біреумен дауласа алады деп, үйреніп алған”, – деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, халыққа Жолдау барысында Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерді импорттық киімдері үшін сөккен еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау