Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы Астанадағы тұрғын үйлердің бірінші қабатында балабақша ашуды талап етті

Астанада салынатын жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабатында балабақшалар ашу қажет. Қазақстан Президентінің қатысуымен өтіп жатқан Астана қаласының дамуы мен «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық мәселелеріне арналған кеңесте Нұрсұлтан Назарбаев осыны талап етті.

Безымянный

Сурет: 112.ua 

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Астанада балабақшамен қамтамасыз ету деңгейі төмен. Қалада көптеген тұрғын үйлер салынып жатыр. Көрме жанында 1400 пәтер салынады. Осы үйлердің бірінші қабатында балабақшалар қарастырылған ба? Құрылысты жүргізіп жатқан компанияларға ақша, кредит беріп жатырмыз. Олардан тұрғын үйлердің бірінші қабатында балабақшалар ашуды талап ету керек. Үлкен сарай іспетті балабақшалар салудың қажеті жоқ. Осыны неше рет айтуға болады. Астанада қаншама үйлер, ғимараттар салынды. Бірінші қабаттарында ашылған балабақшалар қайда? Бүкіл әлемде осындай тәжірибе бар», – деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы құрылысқа рұқсат берер кезде, үйлердің бірінші қабатында балабақша болғанын талап ету керек деді.

Жиында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков хабарлағандай, 2017 жылға қарай елордада 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 95 пайызға жеткізілмек.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев Астана әкімін Талдыкөлдегі киізүйге көшіріп жіберетінін айтып қорқытты

Талқылау