Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы әріптестерінен кешірім сұрады

Бүгін ҚР тұңғыш президенті кітапханасында Алғыс айту күніне арналған іс-шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев таңертең әріптестерінен кешірім сұрағанын айтты.

5665

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Мен бүгін таңертең барлық әріптестерімнен кешірім сұрадым. Жұмыс бабында ренжіп, ұрысқан болсам көңілдеріңізді түсірген болсам бүгіннен бастап барлықтарыңыз кешіріп, жаңа қарым-қатынасты бастайық», – деді Назарбаев.

Елбасы кешірімділік жанұяда, жастардың арасында, үлкендердің арасында болуы керектігін, оның үлкен күш екендігін баса айтты.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 14 қаңтарында Елбасы Назарбаев 1 наурызды Алғыс айту күні деп белгілеу туралы Жарлыққа қол қойды.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты.

Талқылау