Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы Алматыдағы “Халық арена” спорт кешенінің ашылуына қатысты

«Универсиада-2017» ойындары да жақындап қалды. Әлемдік деңгейдегі 28-ші дода биыл біздің елімізде өткізіледі. Осы орайда әлемдік стандарттарға сай келетін заманауи спорт кешендерінің бой көтеруі көңіл қуантады. Бүгін Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Халық арена» спорт кешенінің ашылуы болып өтті.

P9190056

арена

Фото: BNews.kz

Айтулы шараға ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан бастап, спорт майталмандары, БАҚ өкілдері, ғимараттың бой көтеруіне мұрындық болған Baur Kazakhstan компаниясының өкілдері мен жас спортшылар қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш кешеннің ашылуы алып шаҺардағы спорттың дамуына сүбелі үлес қосатынын айтып өтті. Одан бөлек, Елбасы қазақстандық спортшылардың өнерін тамашалады.

IMG-20160919-WA0000

Зәулім ғимаратта екі мұз айдынын біріктіретін 7 спорт залы бар. Кереметтей спорт ғимаратының бой көтеруіне мұрындық болған “Baur Kazakhstan” АҚ-ға қарасты – “Ария Жаңа Астана” компаниясы. Жалпы аумағы 67 мың шаршы метрді құрайтын ғимарат 2 жылдың ішінде салынып, мерзімінен 1.5 айға бұрын тапсырылды.

Өз кезегінде Baur Kazakhstan АҚ президенті Бақыт Қабенов «Халық арена» спорт кешенінің компания тарихындағы ең ірі жоба екендігін атап өтті.

«Өздеріңіз куә болып отырғандай, мына 67 мың шаршы метрлік ғимарат 2 жылдың ішінде мерзімінен 1.5 айға бұрын салынып бітті. Біздің нысанымызға Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың келгеніне өте қуаныштымын. «Халық арена» – біздің компаниямыз жүзеге асырған ең ірі жоба болып отыр. Құрылыстың әлемдік стандарттарға сай жүруі, заманауи құрылыс материалдарының және жаңа технологиялардың қолданылуы үшін компания өз тарапынан қолдан келгеннің бәрін жасады. Қолдау білдіргені үшін Алматы қаласы әкімдігіне ерекше алғысымды жеткізгім келеді. Арадағы серіктестіктің арқасында біздің компаниямыз 2017 жылы қысқы Универсиада ойындары өтетін алып шаҺар-мегаполистің тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырды. «Халық арена» спорт кешенінде өтетін сайыстарға әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысады. BAUR Kazakhstan компаниясының атынан спортшыларымызға алда өтетін ойындарда сәттілік тілеймін!» – деді ол.

Ал қонақтардың қатарынан табылған Рио олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин өзі дүниеге келген Алматы қаласында осындай әсем спорт кешенінің бой көтергеніне қуанышты екенін айтты.

P9190022

«Осымен екінші аренаның ашылу салтанатына қатысып отырмын, кеше «Алматы-Арена» кешені ашылды, бүгін «Халық Арена». Расында да әлемдік деңгейдегі екі алып ғимарат. Қазір мына зал бос тұрғанымен, ертеңгі күні ойындар басталып, көрерменге толған кездегі әсер мүлдем бөлек болатын шығар. Барша қазақстандықтар біздің спортшыларымызға жанкүйерлік етеді деп сенемін. Ондай атмосфераны елестету де, сөзбен айтып жеткізу де өте қиын. Мына спорт кешені елімізде мәнерлеп сырғанау, хоккей сынды спорт түрлерінің дамуына үлкен үлесін қосады», – деген Баландин спорт кешендерінің ашылуы көптеген бүлдіршіндердің дене шынықтырумен айналысуына септігін тигізетініне сенімді.

Ал мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен қысқы Универсиада ойындарында жоғары дәрежеде өнер көрсету үшін тынбай дайындалып жатқанын мәлімдеді.

P9190032

«Өз елімде жаттығу – қашаннан бергі арманым. Енді, міне, мына спорт кешені маған ғана емес, көптеген спортшыларға бұл мүмкіндікті сыйлайтын болды», – деп атап өтті ол.

Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов осындай зәулім ғимаратты өз қолдарымен көтерген құрылысшыларға алғысын жеткізсе, кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Қанат Ислам Қазақстан спортшыларына үлкен жағдайдың жасалғанын тілге тиек етті.

P9190039

«Қанша елдерге бардым, мұндай залдар өте аз. Бізге бүкіл жағдай жасалып жатыр, спортшыларға тек қана дайындалу керек деп ойлаймын. Басқа сылтау айтуға да келмейді», – дейді боксшы.

P9190044

P9190038

P9190046

P9190036

 

Талқылау