Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы Алматыда зәулім мешіттің іргетасын қалады

Кеше президент Нұрсұлтан Назарбаев 7 мың адамдық мешіт құрылысының жобасымен танысты, сондай-ақ қаладағы діни конфессия және зиялы қауыммен кездесті.

56c31f9c2d1cf4dhAz6nh7e4yw1p8cYNwLUZMLET5ZO

Бұл туралы ҚМБД сайты хабарлайды.

Мемлекет басшысын құрылыс алаңында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, сонымен қатар, шараға наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет, бас архитектор Жарылғап Қазыбек және шығармашылық иелері қарсы алды.

Құрылысы жоспарланған ғимараттың жалпы алаңы – 16 мың шаршы метр. Архитектуралық жобаға сәйкес, мешітте биіктігі 75 метрлік бірнеше мұнара болады. Кешеннің орталық бөлігінде 9 күмбезді негізгі ғимарат орналасады. Сондай-ақ оның құрамына ислам кітапханасы, әкімшілік бөлік, намаз оқитын залы бар әйелдер корпусы, діни рәсімдер өткізуге арналған зал, оқу-ағарту топтарына арналған және медресе сыныптары бар ерлер бөлігі, сондай-ақ шеберхана мен дүкендер кіреді.

Бұған дейін елбасының миллион тұрғыны бар қала санын көбейту керектігін, орыс тілін шектеген шенеуніктерді жазалау керектігін, сондай-ақ, қаланың мың жылдығын атап өту кезінде көзбояушылық жасамауды тапсырған болатын. Және мемлекет басшысының гипермаркеттен отандық өнім сатып алғанын хабарлаған болатынбыз.

87744444к (1) QnMFRUtjxOoL288iQwAM6M9ZD4XGID

Талқылау